Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты

0
67

Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр болып отыр.


Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері кем дегенде 121 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда 58 адам опат болған. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған.

Тасқыннан туған оқыс оқиғалардан зардап шеккендер де аз емес. Хабарларға қарағанда, 40 адам жарақат алып, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр болып отыр.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет