Үндістанда телефонның жарылуынан бір бала қайтыс болды

0
450

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс смартфонның қызып кетуінің салдарынан болған.


Үндістанда телефонның жарылуынан бір бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Сегіз жасар қыздың қолындағы смартфон жарылып, оның өмірмен қош айтысуына себеп болған, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға Тирувиламала ауылында кешке қыз көрпенің астында телефон ойнап жатқанда болған. Жарылыстан оның беті мен қолы күйіп, ауыр жарақаттанған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс смартфонның қызып кетуінің салдары болды. Телефон алдында ұзақ отырғандықтан, құрылғы қызып, ақыры жарылуы мүмкін. Медициналық сарапшылардың пікірінше, смартфон жарылған сәтте зарядталып жатқан болуы керек.

Жарылған телефонның бөлшектері егжей-тегжейлі зерттеу үшін жинақталды.