Үндістанның Химачал-Прадеш штатында су тасқынынан 18 адам қаза тапты

0
760

Табиғат апатына бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр себеп болған.


Үндістанның Химачал-Прадеш штатында су тасқынынан 18 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында су тасқыны мен лай көшкіндерінен 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатына бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр себеп. Нөсерден бірқатар елді мекенді су басып, жүздеген жол бүлінген. Кей аудандарда ауызсу жүйесі істен шыққан. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал синоптиктер өңірде жауын тағы бірнеше күн жалғасатынын ескертіп отыр.

Айта кетейік, қазір Үндістанда жаңбырлы маусым мезгілі. Ол қыркүйек айына дейін жалғасады. Ал ресми дерекке қарағанда, биыл маусым айынан бері елде 1 мыңнан астам тұрғын опат болған екен.