Ұшақ бортында сәби дүниеге келді

0
1 460

Сәбидің екі азаматтығы болады – Бразилия және Чили.


Ұшақ бортында сәби дүниеге келді

ERNUR.KZ. Рио-де-Жанейродан Чили астанасы Сантьягоға бара жатқан ұшақ Порту-Алегриге (Бразилия) қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас ана отбасымен Бразилиядан Чилиге демалыстан қайтып бара жатқан. Әйел жүктіліктің 8-ші айлығында болған, дәрігер оған ұшақпен саяхаттауға рұқсат ететін анықтама берген. Ұшақ Сан-Паулу транзиттік әуежайынан ұшқаннан кейін толғағы басталған. Абырой болғанада, борттағы жолаушылар арасында жедел жәрдемнің екі қызметкері мен медбике бар болып шықты. Олар сәбидің өмірге келуіне көмектескен.

Борт 10 минут өткен соң Порту-Алегриге шұғыл қонып, босанған әйел сәбиімен бірге ауруханаға жеткізілді.

Ана мен баланың жағдайы жақсы. Сәбидің екі азаматтығы болады – Бразилия және Чили, себебі ол Бразилия аумағының үстімен ұшып бара жатқан кезде өмірге келді.