Вакцина індеттен болатын өлім деңгейін төмендетеді - қытайлық сарапшы

0
639

Қытайдың үш вакцинасы, соның ішінде CNGB шығарған екеуі және Sinovac Biotech Ltd жасаған біреуі төтенше жағдайлар кезінде азаматтық мақсатта пайдалану үшін мақұлданды. Sinovac вакцинасы Бразилия мен Индонезияда сынақтан өтуде.


Вакцина індеттен болатын өлім деңгейін төмендетеді - қытайлық сарапшы

ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы вакциналардың пайда болуының арқасында әлемде COVID-19-дан болатын өлім-жітім деңгейі 1%-ға дейін төмендейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Шанхайдағы коронавирустан емдеу жөніндегі сараптамалық топтың жетекшісі Чжан Вэйхунның айтуынша, «вакциналардың пайда болуы экономикалық тұрғыдан дамымаған елдер мен аймақтардағы медициналық жүйенің жүктемесін едәуір қысқартады. Сондай-ақ егде адамдар сияқты тәуекел тобындағы адамдар вакциналаудан өтіп, қорғанысқа ие болады. Ал әлемде коронавирустан өлім-жітім 1%-ға дейін төмендейді».

Қытайдың үш вакцинасы, соның ішінде CNGB шығарған екеуі және Sinovac Biotech Ltd жасаған біреуі төтенше жағдайлар кезінде азаматтық мақсатта пайдалану үшін мақұлданды. Sinovac вакцинасы Бразилия мен Индонезияда сынақтан өтуде.

Қытайда шілденің соңында басталған шұғыл вакциналау бағдарламасының аясында тәуекел тобындағы – медицина, кеден және шекара қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, әуе компаниялары мен әуежайлар, сондай-ақ шетелге жұмыс істеуге баратын адамдарға үш тәжірибелік вакцина қолданылуда.