Венесуэлада дәрігерлер жаппай ереуілге шықты

0
823

Наразы топ биліктен дәрі дәрмек алу үшін денсаулық саласына қаржы бөлуді талап етіп отыр.


Венесуэлада дәрігерлер жаппай ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығынан науқастарға алғашқы көмек көрсету қиын. Осының салдарынан қарапайым халық зардап шегіп отыр, деп жазады qazaqtimes.com.

Қазіргі уақытта елдегі инфляция деңгейі 815%-ға дейін жеткен.

«Үкімет әскерилердің киіміне қазынадан арнайы 56 млн доллар бөлмек. Ал біз жергілікті ауруханаларға бар-жоғы 2 млн доллар жұмсауды талап еттік. Өйткені дәрігерлер алғашқы көмек те көрсетуге қауқарсыз. Себебі дәрі-дәрмек жоқ», – дейді ереуілге шыққандардың бірі Пабло Замбрано.

Айта кетейік, Венесуэлада экономикалық дағдарыс әлi күнге дейін шешімiн тапқан жоқ. АҚШ пен басқа да көптеген елдер Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өткен аптада өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды. Ал Ресей және Қытай «диктатор басшы» атанған Маудроға қолдау білдірді.