Венеция қайтадан туристер қабылдай бастады

0
904

Шаһар туристерден түсетін түсімдермен күн көреді.


Венеция қайтадан туристер қабылдай бастады

ERNUR.KZ. Ең бірінші болып шаһарға Венето өңірінің тұрғындары келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристер әйгілі Сан-Марко алаңы мен көне көпірлерді аралап, естелік суретке түсуде. Маусымның үшінен бастап мұндай мүмкіндік Еуроодақ елдерінің тұрғындарына да берілмек. Саяхатшылардан бөлек, қалаға танымал актерлер де ат басын бұруы мүмкін.

Мәселен, наурызда танымал «Миссия невыполнима» фильмінің кезекті бөлімінің түсірілімі өтуі керек еді. Алайда пандемия кесірінен ол кейінге қалды.

Жалпы Венеция үшін туризмнің қайта жандануы өте маңызды. Өйткені шаһар туристерден түсетін түсімдермен күн көреді.