Венецияда туристерге қатысты жаңа қатаң шектеулер енгізілді

0
373

Жергілікті бар, кафе мен мейрамханалар түнгі екіде жабылуы тиіс, оның үстіне 23:00-ден бастап тыныш болуы қажет: ешқандай музыка қосылмайды және шара өткізілмейді - іште де, сыртта да. Ішімдік сату 01:30-да тоқтатылады.


Венецияда туристерге қатысты жаңа қатаң шектеулер енгізілді

ERNUR.KZ. Венеция муниципалитеті шаһардың көне бөлігіне жаңа шектеулер қоймақ, ол көбіне туристерге қатысты болады, деп жазады tengritravel.kz.

Жергілікті бар, кафе мен мейрамханалар түнгі екіде жабылуы тиіс, оның үстіне 23:00-ден бастап тыныш болуы қажет: ешқандай музыка қосылмайды және шара өткізілмейді - іште де, сыртта да. Ішімдік сату 01:30-да тоқтатылады.

Онымен қоса, балмұздақ-кафеден өзге гастрономдық лашықтар 23:00-де жабылады, ал асты жеткізіп беретін тамақтандыру орындары 20:00-де жұмысын тоқтатады.

Билік бұл қадам "азаматтардың демалу құқын қорғауға" және "тарихи орындардағы түнгі жүрістен болатын тәртіпсіздікті" тоқтату үшін жасалып отырғанын айтады.

Мұндай шектеу төбелестің, қоғамға қайшы әрекеттер мен ішімдікті артық ішу оқиғаларының артуына байланысты енгізіліп отыр. Венецияда оқуды бітіру мен үйленер алдындағы ерлердің тойлатуы жиілеп кеткен, әсіресе канадалықтар мен аустралиялықтар арасында көп кездеседі.

Қала символына айналған гондольерлер сұранысы бойынша муниципалитет 2020 жылы қайыққа отыратын адам санын шектеген: каналдармен классикалық тур үшін бортқа алты адам орнына тек бесеу отыратын еді. Пандемия кезінде венециялықтар туристерді бұл шектеуге көз жұма қарайтын, алайда 2023 ол қайта еске түсті. Қазіргі кезде қайықшылар бортқа артық орын болса да, жасөспірімдер мен балаларды да алмайтын болыпты.