Вирусолог омикронның басқа штамдардан басты айырмашылығын атады

0
763

Жаңа штамм жастарға көбірек әсер ете бастаған және олар ауруды қарттарға қарағанда жеңіл өткереді.


Вирусолог омикронның басқа штамдардан басты айырмашылығын атады

ERNUR.KZ. Джордж Вашингтон университетінің профессоры, вирусолог Константин Чумаков "Радио России" эфирінде коронавирустың басқа штамдарынан омикронның басты айырмашылықтарын атады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ғалымның айтуынша, жаңа штамм жастарға көбірек әсер ете бастаған және олар ауруды қарттарға қарағанда жеңіл өткереді.

Омикрон штамының жұқпалы болуы айтарлықтай өскен. Дегенмен вирустың патогенді болуы және өлім қаупі төмендеген. "Бұрын вирус жұқтырғандардың шамамен екі пайызы қайтыс болса, қазір бұл шамамен 0,1 пайыз", - деді вирусолог.

Бірақ омикрон тіпті вакцина алған және ауырып жазылған адамдар арасында да жақсы таралатындықтан, жағдайлар саны бұрын тіркелген антирекордтан бес-алты есе көп.

"Нәтижесінде, ауруханалардың толуы да шамамен бірдей. Ол төмендеген жоқ. Ал өлім саны, сандық тұрғыдан алғанда, азайған жоқ. Және ол (өлім) іс жүзінде тіпті көбейіп барады", - деді Чумаков.

Дельта нұсқасынан айырмашылығы, омикрон негізінен, жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді. "Бұл ауру өкпе қабынуын жеделдетпейді", - деді профессор.

Егер штамдар иіс сезбеу, қызу көтерілу, пневмония, өкпедегі тромбоз, бүйректің зақымдануы сияқты белгілермен қатар жүрсе, омикрон белгілері басқаша.

"Өкпе қабынайды десе болады. Негізгі көріністер - бас ауруы, мұрыннан су ағу, иіс сезу жоғалмайды, жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының жедел респираторлық вирус жұқтыру кезіндегі типтік көріністері. Бір күннен үш-бес күнге дейін созылады. Бірақ кейбір адамдар омикрон жұқтырып, ауруханаға түсіп, өкінішке қарай кейбіреуі қайтыс болады", - дейді маман.