Владимир Путин Қытайға келді

0
584

Бір күн бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды.


Владимир Путин Қытайға келді

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының басшысы Қытайға ресми сапары аясында 17 қазан күні таңертең Бейжің әуежайына келді, деп жазады zakon.kz.

Владимир Путин "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысады, сонымен қатар Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді деп жоспарлануда. Бұл Ресей басшысының соңғы уақыттағы екінші шетел сапары.

Бір күн бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға келіп, елге ресми сапармен барды, онда ол "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысады және бірқатар кездесулер өткізеді.