​WhatsApp арқылы төбелестің видеосын жариялаған азамат ұсталды

0
1 054

Ол жастар арасындағы төбелестің видеосын WhatsApp арқылы таратқан деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі


​WhatsApp арқылы төбелестің видеосын жариялаған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі WhatsApp арқылы видео материал таратқан азаматты, ұлтараздық қатынасты қоздырды деген күдікпен ұстаған.

24 қаңтарда ІІМ баспасөз қызметі жастар арасындағы төбелестің видеосын WhatsApp арқылы таратқан азаматты ұстағанын мәлімдеді.
Видео әлеуметтік желілердің қырғыз контентінде тез таралып кетті. Қолданушылар оқиға Қырғызстанның Ош облысында орын алған деген ақпарат таратқан.

ІІМ баспасөз қызметі оқиғаның шын мәнінде Өзбекстанның Наманган облысында болғанын айтады. Өзбекстанның бас прокуратурасы аталған фактіге қатысты ресми мәлімдеме жасап, қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеген.


Дереккөз: centralasian.org/a/