WhatsApp миллиондаған телефонда істен шығады

0
978

Операциялық жүйесі ескірген смартфондардың иелері қосымшаны 2020 жылдың 1 ақпанына дейін пайдалана алады.


WhatsApp миллиондаған телефонда істен шығады

ERNUR.KZ. Осы жылдың соңында кейбір телефондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады, деп жазады sputniknews.kz.

2020 жылдың қаңтарында операциялық жүйесі Android 2.3.7 және одан да ескі смартфондарда, сондай-ақ iOS 7 гаджеттерінде WhatsApp істен шығады. Бұған қоса, мессенджер Windows Phone базасындағы барлық құрылғыда да жұмыс істемейтін болады. Бірақ бұл шектеу сәл ертерек – осы жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді.

WhatsApp сайтындағы сұрақ-жауап бөлімі мен қосымшаның баптауында осыған қатысты ескерту жарияланған.

Дегенмен WhatsApp-тың кейбір функциялары көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін істен шығуы мүмкін.