WhatsApp-та "жаңажылдық" вирус тарап жатыр: ол несімен қауіпті?

0
973

​Мамандар белгісіз нөмірден келген күмәнді хабарламаны ашпауға кеңес береді, әйтпесе телефондағы жеке мәліметтеріңіз ұрлануы мүмкін.


WhatsApp-та

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде жаңа вирус пайда болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мессенджер қоданушылары оған "жаңажылдық" деп ат қойып алған.

Вирус өте қарапайым әдіспен жұмыс істейді: қолданушыға сілтемемен бірге жаңажылдық құттықтау жазылған хабарлама келеді. Сілтемені басқан кезде, вирусы бар ресурс ашылады. Осылайша, алаяқтар адамның телефонында сақталған жеке мәліметтері мен ақпаратын ұрлайды.

Мамандар алаяқтардың арбауына түспес үшін белгісіз нөмірден келген хаттарды ашпауға кеңес берді. Оларды бірден бұғаттап, қолдау қызметіне хабар берген абзал.

Бұған дейін 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқалары орнатылған смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататыны хабарланған еді.