WhatsApp топтық чаттарға жаңа функция енгізді

0
1 347

Жаңа функция тек топтық чаттарға арналған.


WhatsApp топтық чаттарға жаңа функция енгізді

ERNUR.KZ. iOS және Android жүйесіндегі WhatsApp мессенджерінің соңғы бета-нұсқасында өздігінен жойылатын функция пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жаңа функция тек топтық чаттарға арналған. Онда хабарламаны белгілі бір уақыт ішінде көрсетуге болады. Яғни сіз белгілеген уақыттан (сағат, күн, апта, жыл) соң, хабарлама өздігінен өшіп кетеді. Осылайша хабарлама жойылып, телефоныңыздың жады біршама жеңілдей түседі.

Автоматты тазалауды группаның баптауларында қосуа аласыз. Бұл мүмкіндікті топ әкімшісі ғана қолдана алады, топ мүшелері үшін бұл қолжетімсіз.