Египетте президент сайлауы басталады

0
1 379

​Египетте 26 наурызда президент сайлауы басталады. Сайлау кезінде елдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді,-деп хабарлайды Азаттық Радиосы.


Египетте президент сайлауы басталады

фото: azattyq.org

Египетте 26 наурызда президент сайлауы басталады. Сайлау кезінде елдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді,-деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Іс басындағы президент, бұл жолғы сайлаудағы басты кандидат Абдель Фаттах әл-Сиси екінші рет төрт жыл мерзімге қайта сайланатынына сенімді. Президент сайлауына дауыс беру үш күн болады. Сайлаудың ресми нәтижелері 2 сәуірде жарияланбақ.

Дауыс беруге 60 миллионнан астам сайлаушы тіркелген.

Әл-Сисидің қарсыласы, аса танымал емес кандидат Мұса Мұстафа Мұса президенттікке кандидат болып соңғы сәтте ғана тіркелді. Ол сайлауға ұсынылғанға дейін әл-Сисидің сайлауалды штабының қызметкері болған. 63 жастағы Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси сайлауда өзіне салмақты қарсылас шықпағанына өзін кінәлі сезінбейтінін мәлімдеген.