Египеттегі президенттік сайлауда Абдель Фаттах Ас-Сиси алда келеді

0
1 359

Египеттегі президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды. Елдегі 5 мың 934 сайлау бөлімшесінен келіп түскен есеп бойынша қазіргі президент Абдель Фаттах ас-Сисиді дауыс берушілердің 90 пайызы қолдаған,-деп хабарлайды 24.kz​.


Египеттегі президенттік сайлауда Абдель Фаттах Ас-Сиси алда келеді

Египеттегі президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды. Елдегі 5 мың 934 сайлау бөлімшесінен келіп түскен есеп бойынша қазіргі президент Абдель Фаттах ас-Сисиді дауыс берушілердің 90 пайызы қолдаған,-деп хабарлайды 24.kz.

Бұл шамамен 9 миллион 200 мың адам. Ал оның бәскелесі Мустафа Мусаны жақтағандар саны әзірге 250 мың. Айта кету керек, Мысырдағы президент сайлауы 26-сы мен 28-ші наурыз күндері өтті. Үш күн бойы ел астанасында автокөліктер дыбыс ұлғайтқышпен жар салып, тұрғындарды таңдау жасауға шақырды. Президент атану үшін екі үміткер таласқан. Олардың бірі қазіргі президент Абдель Фаттах ас-Сиси. Ал екіншісі аса танымал емес «Әл-Гэд» партиясының жетекшісі Муса Мустафа. Елде 60 миллион азамат дауыс беру құқығына ие. Олар өз таңдауын жасау үшін 13 мың сайлау бөлімшесі ұйымдастырылған. Саяси науқанның қорытындысы 2 сәуір күні ресми жарияланады деп жоспарланған. Махмуд Рамадан Ибрахим, Сайлау бөлімшесінің басшысы: - Тұрғындар дауыс берудің соңғы екі күнінде белсенділік танытты. Жалпы сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 40 пайызы өз таңдауын жасады. Айта кету керек, Мысыр заңы бойынша егер жергілікті азамат сайлаушылар тізімінде бола тұра дауыс беруге келмесе, оған 28 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.