YouTube алкоголь мен құмар ойындарды жарнамалаудан бас тартты

0
453

Бұл жарнамалар 14 маусымнан бастап жоғарғы баннерде көрсетілмейді.


YouTube алкоголь мен құмар ойындарды жарнамалаудан бас тартты

ERNUR.KZ. YouTube бұдан былай негізгі жарнама орнына - веб-сайт пен қосымшаның жоғарғы жағында көрсетілетін баннерде алкоголь, құмар ойындар, сайлау және саясат немесе рецептпен берілетін дәрі-дәрмек жарнамасын қабылдамайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл жарнамалар 14 маусымнан бастап жоғарғы баннерде көрсетілмейді.

Google өкілі TheVerge басылымының журналистеріне жаңа шектеулер "қолданушылардың пікірін жақсартуға" арналғанын айтты.

Жоғарғы баннердегі жарнама блогы - YouTube-ті аша салғанда көзге түсетін орын. Дәрі-дәрмектерді, алкогольді немесе құмар ойындарды жарнамалаудан бас тарту YouTube-ті әр түрлі жастағы қолданушылар көре алатындай етіп жасайды.

Ал саясатына келер болсақ, жаңа шектеу YouTube-ке келіспеушіліктер мен жанжалдардан аулақ болуға көмектеседі, мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2020 жылғы сайлау кезінде үш күнге жоғарғы баннерді сатып алған кезде дау шыққан.