YouTube арнасындағыдай попкорн пісірмек болған оқушы тірідей жанып кетті (видео)

0
6 149

Видеода блогер газдалған сусынның банкісіне жүгері дәндерін салып, спирт оттықтың көмегімен қыздырады.


YouTube арнасындағыдай попкорн пісірмек болған оқушы тірідей жанып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Қытайда YouTube видеохостингіндегі танымал аспаздық арнаның мәзірі бойынша попкорн дайындамақ болған Жеже есімді 14 жастағы қыз көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

Роликте блогер газдалған сусынның банкісіне жүгері дәндерін салып, спирт оттықтың көмегімен қыздырады.

Қытайлық қыз өзінің 12 жастағы құрбысы Сяоюймен осы видеодағы әрекетті қайталап көрмек болады. Алайда қыздарда спирт болмағандықтан, олар оның орнына жанар-жағармай құяды. Кенеттен өрт шығып, от жасөспірімдердің үстіне тиеді.

Жеженің денесінің 96 пайызы күйіп, ауруханада көз жұмды. Сяоюй тірі қалғанымен, оған пластикалық ота қажет. Ms Yeah зиян шеккен отбасыға ақша төлеуге келісті. Сяоюйдің ата-анасымен келіссөздер жүріп жатыр.

Блогер өз кезегінде қыздардың тура видеодағыдай жасамағанына тоқталды.