​Қырғыз президенті: елде отбасылық-кландық билікке жол бермеймін!

0
1 178

Жээнбеков отбасылық басқару туралы сөз қозғайтындар бір маңызды фактор – қоғам санасындағы өзгерістерді ескермейтінін атап өтті.


​Қырғыз президенті: елде отбасылық-кландық билікке жол бермеймін!

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков билікте отбасылық-кландық басқаруға жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Отбасылық басқаруға қарсы күрестің бастауында тұрған адам ретінде мен билікте кландық жүйе орнатуға жол бермеймін!", — деді Жээнбеков Ыстықкөл облысы Тон ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

"2010 жылы отбасылық-кландық режимге қарсы шығып, сол жолда қаза тапқан отандастарымды мен де ұмытқан жоқпын, бұл мен үшін де ауыр қайғы. Сол себепті де мен бұл тақырып төңірегінде саяси спекуляцияға жол бермеймін! Халық сайлаған президент ретінде елде отбасылық-кландық басқаруға жол бермеймін!, — деп мәлімдеді қырғыз басшысы.

Жээнбеков отбасылық басқару туралы сөз қозғайтындар бір маңызды фактор – қоғам санасындағы өзгерістерді ескермейтінін атап өтті.

"Біздің басты жетістігіміз – мықты азаматтық қоғам. Ашық қоғамда отбасылық немесе кландық басқару жүйесін орнату мүмкін емес. Менің президент лауазымындағы мемлекеттік қызметіме жақындарымның ешқайсысы ықпалын тигізе алмайды", — деді мемлекет басшысы.