Қырғызстан экс-премьері тергеуге шақыртылды

0
1 017

Құжатта экс-премьердің 26 сәуір күні сағат 15:00-де МҰҚК-нің бас тергеу басқармасына куәгер ретінде тергеуге баруы тиіс екені айтылады.


Қырғызстан экс-премьері тергеуге шақыртылды

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті осы елдің бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты тергеуге шақырды. Исаков өзін тергеуге шақырту қағазының суретін Facebook-те жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құжатта экс-премьердің 26 сәуір күні сағат 15:00-де МҰҚК-нің бас тергеу басқармасына куәгер ретінде тергеуге баруы тиіс екені айтылады.

МҰҚК бас хатшысы Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, Исаков Бішкектегі жылу электр станциясында (ЖЭС) болған апатқа қатысты істі тергеу аясында куәгер ретінде шақыртылып отыр. Биыл 26 қаңтар күні Бішкек ЖЭС-інде апат болып, салдарынан қаладағы көпқабатты үйлер мен мемлекеттік мекемелер жылусыз қалған.

40 жастағы Сапар Исаков премьер-министр қызметін сегіз ай атқарып, бір апта бұрын парламент оның үкіметіне сенімсіздік білдірген соң отставкаға кеткен. 19 сәуірде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Сапар Исаковтың үкіметін отставкаға жіберу туралы жарлық шығарған. Бұл оқиға іс басындағы президент пен бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев арасындағы қатынас нашарлай бастаған тұста болып отыр.