Ыстамбұлда дауылдан төрт адам қаза тапты

0
522

Синоптиктер болжамынша, қолайсыз ауа райы сейсенбінің аяғына дейін сақталады.


Ыстамбұлда дауылдан төрт адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда дауылдан 4 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ыстамбұлда қатты дауыл соғып, жел көліктерді аударып, электр сымдарын үзіп, ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті.


Түркияның жағалау күзеті екпінді желге байланысты Босфор бұғазындағы кеме қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады. Дәл осы себепті Түрік әуе жолдарының бірнеше ұшағы Ыстамбұлға қона алмай, Анкара мен Измирге жөнелтілген.

Синоптиктер болжамынша, қолайсыз ауа райы сейсенбінің аяғына дейін сақталады.