Ыстамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды

0
538

Соның салдарынан 2 адам қаза тапты.


Ыстамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда католик шіркеуіне шабуыл жасалды, деп жазады inbusiness.kz.

Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х парақшасында елдегі католиктік шіркеуге қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Қайғылы жағдай жергілікті уақыт бойынша 11:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) Ыстамбұлдағы Сарыер ауданындағы Санта-Мария шіркеуінде болған.

Аталған факті бойынша ауқымды тергеу басталды. Полиция қаскөйлерді ұстау үшін барлық шараны қолданып жатыр, - деп мәлімдеді Али Ерликая.

Оларды бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Қаскөйлер іздестіріліп жатыр.