Ыстамбұлда тұрғын үйлердің бірінде күшті жарылыс болды

0
389

Жарылыс газдан болуы мүмкін деген болжам айтылды.


Ыстамбұлда тұрғын үйлердің бірінде күшті жарылыс болды

ERNUR.KZ. Түркияның Ыстамбұл қаласындағы тұрғын үйде жарылыс болды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға Ыстамбұлдың Азия жағалауында, Кадыкей ауданында болған. Жарылыстың соңы өртке ұласып, өрт бірнеше ғимаратқа тарады, деп хабарлайды Latestly marathi.

Айналадағы ғимараттар мен бірнеше көлік зақымданған. Қазірше бір адам зардап шеккені белгілі.

Қазір оқиға орнында арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр.

Жарылыс газдан болуы мүмкін деген болжам айтылды.