​Запастағы офицерлерге шетелге шығуға тыйым салынды

0
1 053

Барлық әскери комиссариатқа жасы 50-ге дейінгі ер азаматтардың соғысқа дайындығын тексеріңдер деген тапсырма берілген.


​Запастағы офицерлерге шетелге шығуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Түркіменстанда запастағы офицерлерге шетелге шығуға тыйым салды. Былтыр қараша айынан бастап оларды әскери комиссариатқа шақырып, тіркеуге алып жатыр. Бұл жайында Азаттықтың түркімен қызметіне Түркіменстандағы қорғаныс министрлігіндегі дереккөз хабарлаған.

Дереккөздің айтуынша, Түркіменстандағы барлық әскери комиссариатқа жасы 50-ге дейінгі ер азаматтардың соғысқа дайындығын тексеріңдер деген тапсырма берілген.

Бүгінде түркімен аумағымен шекаралас Ауғанстанның барлық аймағын "Талибан" қозғалысының қарулы содырлары бақылауға алған. Түркіменстан мен Ауғанстан арасындағы шекара сызығының қашықтығы – 800 км.

Әскери дереккөздің айтуынша, түркімен армиясының жағдайы "аянышты күйде".

"Бізде шайқас жағдайына дайын болатындай ешқандай тәжірибе жоқ. Қолбасшылар бізде бір ғана жол бар дейді. Ол тәліптермен және өзге де содырлармен келісімге келу. Мұндай жағдай бұрынғы президент Сапармұрат Ниязов кезінен болды. Ол мен елді өзім қорғаймын, одан гөрі алқапқа барып, мақта теріңдер дейтін", - дейді дереккөз.

Қаңтар айында "Түркіменстан хроникасы" басылымы запастағы сарбаздарды есепке ала бастады деп жазған. Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін ер азаматтарға әскери бөлімшелерге барып, әскери билеттерін тапсыруды талап еткен.


Дереккөз: centralasian.org/a