"Зардап шеккендер бар": Қырғызстанда тікұшақ апатқа ұшырады

0
527

Бортта 15 адам болған.


ERNUR.KZ. Қырғызстанда әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп жазады Stan.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Алай аймағында болған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің тікұшағы Тәжікстанмен шекаралас аймаққа бағыт алғаны көрсетілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта апаттан төрт адам зардап шеккен.

"Бортта 15 адам болған. Қазіргі уақытта тек төрт адам зардап шеккен, оларға көмек көрсетіліп жатыр", – дейді ақпарат көздері.

Қорғаныс министрлігінің баспасөзі ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген.