Зауыттағы жарылыстан 5 адам қаза тапты

0
982

Оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы аяқталып, тергеу жүргізіліп жатыр.


Зауыттағы жарылыстан 5 адам қаза тапты

фото:24.kz

ERNUR.KZ Қытайдағы алюминий зауытында жарылыстан 5 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz

Оқиға Цзянъинь уезіндегі зауытта сейсенбі сағат 2.00 шамасында болған. Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Уси қалалық округіндегі алюминий зауытында жарылыс болып, 5 адам ажал құшты. Цехтердің біреуі түгелдей қирап, жанындағы ғимараттардың терезелері сынған.

Оқиға салдары әлі белгісіз. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, ал зардап шеккен 4 адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің олардың тек біреуінің ғана өмірін сақтап қала алды.

Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы аяқталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.