Өзбекстандық ардагерлер Мәскеудегі парадтан соң қателесіп Сочиге ұшып кеткен

0
1 221

Курортты қаланың билігі мән-жайға қаныққаннан кейін қонақтарды қабылдап, Сочиді аралатқан, содан соң Кисловодскке билет алып беріп, шығарып салған.


Өзбекстандық ардагерлер Мәскеудегі парадтан соң қателесіп Сочиге ұшып кеткен

фото: © Sputnik / Александр Мазуркевич

Өзбекстандық жеті ардагер Мәскеудегі Жеңіс парадынан кейін Кисловодскке демалуға баруы тиіс болған, алайда қателесіп Сочиге ұшып кеткен, деп жазды Sputnik Қазақстан life.ru-ға сілтеме жасап.

Жеті майдангерді туыстары мен дәрігерлер Мәскеудегі Жеңіс парадына ертіп барған, ал содан кейін Кисловодсктегі шипажайда емделуі тиіс еді, алайда билетті шатастырып алып, Сочиге ұшып барыпты.

Курортты қаланың билігі мән-жайға қаныққаннан кейін қонақтарды қабылдап, Сочиді аралатқан, содан соң Кисловодскке билет алып беріп, шығарып салған.

"Сочиде бұған дейін де бірнеше рет болдым, шипажайларында емделдім. Қазір өзгергенін көріп отырмын, қала көркейіп кетіпті. Жылы қабылдап, қонақжайлық танытқандарыңыз үшін соғыс ардагерлерінің атынан үлкен алғыс айтамын", — деп Сочи әкімшілігі ардагерлердің бірі Беккул Хамзаевтың сөзінен үзінді келтірді.