Зеленский Ресеймен мүмкін болатын бейбіт келісім туралы айтты

0
670

Сонымен қатар Зеленский Мариупольде украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.


Зеленский Ресеймен мүмкін болатын бейбіт келісім туралы айтты

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келісім Украинаның қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ресеймен бітім шарты екі құжаттан тұруы мүмкін. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты болуы керек", - деп келтіреді "Страна.ua" Зеленскийдің сөзін.

Ресей барлығы осы мәселелерді қамтитын бір құжатта болғанын қалайды, деді Зеленский.

"Алайда бәрі Ресейдің келісімге келеріне сенімсіздік білдіріп жатыр. Олар үшін Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру бір мәселе, ал Ресеймен келісім жасау басқа мәселе", - деді Украина президенті.

Сонымен қатар Зеленский Мариупольде украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.