Зеленский Украина армиясы Ресей аумағын басып алуға ұмтылмайтынын айтты

0
364

​Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің қарулы күштері жүргізіп жатқан әскери операциялар Ресей аумағына таралмайтынын мәлімдеді.


Зеленский Украина армиясы Ресей аумағын басып алуға ұмтылмайтынын айтты

ERNUR.KZ. Ол сейсенбі күні Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында оқиғалардың қалай өрбитіні туралы өз нұсқасын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Украина Қарулы күштері Ресей Федерациясының аумағында әскери операциялар жүргізіп жатқан жоқ. Олар өз аумағын қорғау үстінде, Ресей жерін басып алуға ұмтылмайды», - деді Зеленский.

Ал ТАСС ақпарат агенттігі Белгород, Брянск және Курск облыстарының аумағы Украина тарапынан бірнеше рет миномет пен артиллериялық шабуылға ұшырағанын жазды. Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі ұшқышсыз басқарылатын бірнеше ұшақты анықтаған.