Зеленский: Украина НАТО-ға кірмейтінін мойындау керек

0
643

Біріккен экспедициялық күштерге (Joint Expeditionary Force) кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн-кездесуінде Украина президенті ел НАТО-ға мүше емес екенін атап өтті.


Зеленский: Украина НАТО-ға кірмейтінін мойындау керек

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Украина НАТО-ға кіре алмайтынын мойындау керек екенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Біріккен экспедициялық күштерге (Joint Expeditionary Force) кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн-кездесуінде Украина президенті ел НАТО-ға мүше емес екенін атап өтті.

"Біз мұны түсінеміз, адекват адамдармыз. Біз қаншама жыл бойы оларға есік ашық дегендей ақпаратты естіп келдік, бірақ қазір оған кіре алмайтынымызды түсіне бастадық. Бұл шындық және оны мойындау керек. Халқымыз осыны мойындап, өзіне және бізге көмектесіп жатқан серіктестерімізге сене бастағанына қуаныштымын", - деді Зеленский.
Сонымен қатар, ол НАТО-ны Украинада ұшпайтын аймақ құруға тағы бір рет шақырды, сондай-ақ, ол Киев бұл қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсінетінін айтты. Зеленский үшінші дүниежүзілік соғыс қаупіне байланысты одақ мүшелерінің қорқынышын "өз-өзіне жасап отырған гипноз" деп атады.