Зеленский Украина шығысындағы шайқас жүріп жатқан жерге барды

0
442

Зеленский жауынгерлермен сөйлесіп, оларға мемлекеттік награда тапсырған.


Зеленский Украина шығысындағы шайқас жүріп жатқан жерге барды

ERNUR.KZ. Жексенбіде Украина президенті Владимир Зеленский елдің ұрыс қимылдары жүріп жатқан шығысындағы Запорожье, Донецк және Луганск облыстарына барды, деп жазады azattyq.org.

Ол telegram-арнасына Луганск облысының Лисичанск, Донецк облысының Соледар қалаларына барғанын жазды. Бұл қалалар Ресей әскері шебінен бірнеше шақырым жерде тұр. Зеленский жауынгерлермен сөйлесіп, оларға мемлекеттік награда тапсырды.

"Лисичанск пен Соледарда болдым. Жауынгерлерге кей нәрсе апардым, оны егжей-тегжейлі айтпай-ақ ояйын. Алғаным да бар. Ол — сенім мен күш", — деді Зеленский дүйсенбінің түнінде жариялаған видеосында.

Лисичанск кейінгі кезде кескілескен шайқас жүріп жатқан Северодонецкінің іргесінде жатыр. Соледар Северодонецк пен Лисичанскті жалғайтын жол бойында тұр.

Зеленский бұған дейін ұрыс қимылдары болып жатқан Запорожье мен Харьков облыстарына барған.