Зейнеткер емен ағашынан «Фольксваген-жук» көлігін жасап алды

0
1 616

Зейнеткер осындай ерекше шедеврді жасап шығару үшін екі жылдан астам уақытын сарп еткен. Автомобильдің шанағы еменнің мыңдаған бөлшегінен құралып, әрбір бөлшек 23 рет өңдеуден өткен.


Зейнеткер емен ағашынан «Фольксваген-жук» көлігін  жасап алды

фото: Reaktor.inform.kz

71 жастағы босниялық зейнеткер Момир Бойик толығымен ағаштан тұратын "Фольксваген-жук" көлігін құрастырып шығарған. Бұл үшін ол 50 мыңнан астам емен ағашының бөлшектерін пайдаланған, деп хабарлайды Reaktor.inform.kz

Зейнеткер осындай ерекше шедеврді жасап шығару үшін екі жылдан астам уақытын сарп еткен.

Автомобильдің шанағы еменнің мыңдаған бөлшегінен құралып, әрбір бөлшек 23 рет өңдеуден өткен. Көліктің рөлі, жылдамдықты ауыстыру тетігі, қалпақшалары, терезе тазартқышы мен радиосына дейін толығымен ағаштан жасалып отыр.

"Фольксваген-жук" – автомобиль тарихындағы көп тараған жеңіл көлік әрі ол неміс концернінің мақтанышы саналады.

фото: Reaktor.inform.kz