"Жаһандық климаттың өзгеруі сөзсіз жеделдейді": Антарктидада көлемі Түркиямен бірдей мұздық еріп кетті

0
1 078

Жаһандық климаттың өзгеруі тұщы су көзі болып табылатын мұздықтардың еріп, теңізге жайылып жоғалуынан туындайды.


ERNUR.KZ. Антарктидада үш жыл ішінде көлемі Түркиямен бірдей мұздық еріп кеткен. 8-ұлттық антарктикалық ғылыми экспедицияның ғалымдары өз есептерінде табиғи өзгерісті жеткізді, деп жазады stan.kz.

Түркияның ғылыми-зерттеу лагері Хорсшу аралындағы GNSS стационарлық станцияларының көмегімен атмосферадағы су буының деңгейі, теңіз, мұз және қар деңгейі сияқты маңызды параметрлерді бақылады. Осы тұста ғалымдар, жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты су буының мөлшерінің өзгеруі артқанын анықтады.

Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік өлшеу әдістері арқылы да мұздықтардың айтарлықтай еруі байқалған.

Жобаның Хорсшу аралындағы алғашқы нәтижелері 2022-2023 жылдар аралығында шамамен 100 шаршы метр қар мен мұздықтардың ауданы орта есеппен 7 текше метрге қысқарғанын көрсетеді.

Ғалымдар бір жыл ішінде қар мен мұздықтардың айтарлықтай ерігенін және оның нәтижесінде әртүрлі мұздық жарықтар мен шалшықтар пайда болғанын айтады. Мамандардың пікірінше, мұздықтар осы қарқынмен еруі атмосфераға көбірек су буының шығуы мен парниктік газдар концентрациясының жоғарылауын тудырады. Сондықтан жаһандық климаттың өзгеруі сөзсіз жеделдейді.

Жаһандық климаттың өзгеруі тұщы су көзі болып табылатын мұздықтардың еріп, теңізге жайылып жоғалуынан туындайды.

8-ұлттық антарктикалық ғылыми экспедицияның үйлестірушісі, профессор Бурджу Озсой Антарктидада теңіз мұзының азаюы ғана емес, мұздықтардың жойылу да қауіпі бар екенін жеткізді.

“Бұл өзгерістерден бөлек, мұздықтардың айтарлықтай жоғалуы да болып жатыр. Егер біз кейінгі 3 жылда еріген мұз мөлшерін өлшесек, бұл Түркияның көлеміндей болады деп айта аламыз”, – деді Озсой.