Жалаңаш суретке түскен 11 украиналық қыз БАӘ-ден депортацияланды (видео)

0
1 409

Ашық фотосессияға 12 қыз қатысқан.


Жалаңаш суретке түскен 11 украиналық қыз БАӘ-ден депортацияланды (видео)

ERNUR.KZ. Дубайда суретке жалаңаш түскені үшін ұсталған он екі украиналық қыздың он бірі депортацияланды, оларға БАӘ-ге кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Николенко мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Кеше кешке БАӘ билігі Украинаның 11 азаматшасын жер аударды, олар Дубайда ашық фотосессияға қатысқаны үшін ұсталған. COVID-19 диагнозы қойылған тағы бір украиналық қыз жазылған соң депортацияланады. Барлығына БАӘ-ге кіруге тыйым салынды. Украинаның Дубайдағы консулдығының арқасында азаматшаларға ең жеңіл жаза тағайындалды", - деді Николенко.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жалаңаш қыздар Dubai Marina курорттық аймағындағы биік ғимараттардың бірінің балконында суретке түсіп жатқан видео пайда болды. Николенко 6 сәуірде түсірілімге қатысқаны үшін 12 украиналық ұсталғанын хабарлаған болатын.