Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр

0
2 785

Жаңа нұсқа Үндістаннан Жаңа Зеландияға келген инфекцияны жұқтырған екі шетелдіктен табылды.


Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландия мамандары алғаш рет коронавирустың ВА. 2.75 омикрон штаммының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, бұл жаңа нұсқа Үндістаннан Жаңа Зеландияға келген инфекцияны жұқтырған екі шетелдіктен табылды.

«Пандемия басталғаннан бері Жаңа Зеландияда коронавирусты жұқтырудың 1,3 миллионнан астам жағдайы анықталып, 1 534 тұрғын қайтыс болды. Қазіргі уақытта елде ересек тұрғындардың 95%-дан астамы толық (екпе алды) вакцинацияланды», - деп жазды комиссия.