Жаңа Зеландияда жанартау атқылап жатыр: 5 адам қаза тапты

0
1 069

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында шетелдік азаматтар да бар.


Жаңа Зеландияда жанартау атқылап жатыр: 5 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландияның Уайт-Айленд аралында жанартау атқылауы салдарынан кем дегенде бес адам мерт болды, деп жазады Қазақпарат.

Басылымның жазуынша, бес адамның мәйіті жанартаудың атқылауынан кейін табылған. Бірақ, олардың әлі кім екені әзірге анықталған жоқ.

«Көптеген адамдарды күйік шалған, олар ауруханаға жеткізілді», — деді комиссардың орынбасары.

Ол зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында шетелдік азаматтардың да бар екенін атап өтті.

Жанартау атқылау кезінде аралда 100-ге жуық адам болған, олардың біразы із-түзсіз жоғалып кеткен.