​Жаңбыр мен бұршақ жауып, көшелерді мұз басып қалды (видео, фото)

0
2 660

Ауа-райы күрт суып кетуіне байланысты көліктер тоқтап, мектептер жабылды.


​Жаңбыр мен бұршақ жауып, көшелерді мұз басып қалды (видео, фото)

ERNUR.KZ. 22 қазан күні түнде нөсер жауын мен бұршақтың салдарынан Римнің көшелерін қалың мұз басып қалды, деп жазады ca-news.org.


Жауын-шашынның бірден бұлайша үдеп кетуі – 20 қазан күнгі ауа райының күрт суытыуы болып отыр. Оған дейін Рим қаласында 25 градус жылы болып тұрған.


Италияның астанасындағы жауын-шашынның кесірінен мтероның 4 станциясына су толып, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Римнің мэрі табиғат құбылысынан келген келеңсіздіктердің барлығын жақын уақытта шешуге уәде беріп отыр. Арнайы топтар жұмысқа кіріскен.

Айта кету керек, көшелерді қалың мұзды қар қалқыған су басқан соң Италияның бірнеше қаласында жол қозғалысы тоқтап, мектептер уақытша жабылды. Тіпті, пойыздар да тоқтатылды.