Жапония парниктік газдардан бас тартады

0
608

Бұл туралы премьер-министр мәлімдеді.


Жапония парниктік газдардан бас тартады

ERNUR.KZ. Жапония 2050 жылға қарай планетада климаттың жылынуын тудыратын парниктік газдар шығарындыларынан толығымен бас тартады, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы дүйсенбіде премьер-министр Йошихидэ Суга парламенттегі алғашқы бағдарламалық сөзінде мәлімдеді.


«Біздің ел 2050 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын азайтады. Мен осы уақытқа дейін біз көмірқышқыл газынан толығымен арылған қоғам құруға ұмтылатынымызды жариялаймын», – деді ол.


Премьер оның үкіметі экономикалық дамуды ынталандыру мен қоршаған ортаны қорғауды біріктіретін саясат жүргізуге ниетті екенін атап өтті.


«Өнеркәсіп құрылымын осы бағытта өзгерту өсудің жаңа қуатты факторына айналады», – деді ол.


Бұған дейін Токио осы ғасырдың екінші жартысында парниктік газдар шығарындыларын мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға тырысады деп уәде берген болатын. Бұл ұстаным шетелде, атап айтқанда, Еуропалық Одақ елдерінде айтарлықтай сынға ұшырады. Осыдан біраз уақыт бұрын олар парниктік газдар шығарындыларын 2050 жылға дейін тоқтату туралы ресми шешім қабылдады.