Жапонияда 30 адам тайфуннан зардап шекті

0
758

Тайфун салдарынан Жапония мен Оңтүстік Кореяның 900 әуерейсі кейінге шегерілді.


Жапонияда 30 адам тайфуннан зардап шекті

ERNUR.KZ. Тапа тайфуны Окинава және Кюсю аралдарына көп шығын әкелді. 60 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Тайфун салдарынан 30 адам зардап шекті, деп жазады baq.kz.

Кюсю аралдарында 50 мың үйде, ал Ямагути префектурасында 10 мыңға жуық үйде электр жарығы жоқ. Тапа тайфуны салдарынан Жапония мен Оңтүстік Кореяның 900 әуерейсі кейінге шегерілді.
Ал осыған дейін Токио маңында жойқын дауыл салдарынан 500 мың үй жарықсыз қалған болатын.