Жапонияда бір топ баланы көлік қағып кетті

0
1 459

Көше қиылысында екі көлік соқтығысқан.


Жапонияда бір топ баланы көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Жапонияда көлік жүргізушісі бір топ баланы қағып кетті, деп жазады sn.kz.

Жол көлік оқиғасы Жапонияның Оцу қаласында болды. Көше қиылысында екі көлік соқтығысқан. Салдарынан 13 бала ауруханаға жатқызылды. 2 бала қайтыс болып, дәрігерлер төртеуінің хәлі ауыр дегенді айтып отыр. Сондай-ақ, тағы бір тәрбиеші де ес түссіз.

Полиция тергеу амалдарын бастап кетті.

Куәгерлердің айтуларынша, екі көлік соқтығысып, оның екіншісі жол бойында тұрған балабақша тәрбиеленушілерін қағып өткен. Бұл уақытта олар жолдың қарсы бетіне өту үшін бағдаршамның жасыл түсінің жанғанын күтіп тұрған екен.