Жапонияда ер адам маймыл шешегінен көз жұмды

0
505

Қыркүйек айында оған маймыл шешегі диагнозы қойылды. Науқас өз елінен шықпаған.


Жапонияда ер адам маймыл шешегінен көз жұмды

ERNUR.KZ. Жапонияның Токио іргесіндегі Сайтама префектурасында маймыл шешегінен алғашқы өлім тіркелді, деп жазады stan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, маймыл шешегін жұқтырып, көз жұмған ер адамда ВИЧ инфекциясы болған. Қыркүйек айында оған маймыл шешегі диагнозы қойылды. Науқас өз елінен шықпаған.

Маймыл шешегінің алғашқы жағдайы Жапонияда 2022 жылдың шілдесінде тіркелген. 2023 жылы елде 227 адам шешек жұқтырғаны анықталды.

Осы жылдың мамыр айында ДДҰ жұқтыру жағдайларының азаюына байланысты маймыл шешегі бұдан былай қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдай емес екенін жариялады.