Жапонияда қаскөй 19 адамды пышақпен жарақаттаған

0
856

Жарақат алғандардың арасында балалар да бар.


Жапонияда қаскөй 19 адамды пышақпен жарақаттаған

ERNUR.KZ. Токионың Кавасаки қаласында белгісіз адам 19 адамды пышақпен жарақаттаған, - деп жазады tengrinews.kz.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, жарақат алғандардың екеуі ауыр жағдайда. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Қаскөй қолға түскен. Ол өзінің иығын жарақаттап үлгерген, оның жағдайы да ауыр деп хабарланды. Оқиға орнында екі пышақ табылған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.