Жапонияда маймыл шешегі тіркелді

0
611

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын тест пен ауруға қарсы дәрі және вакцинаны шұғыл дайындау керек деген бұйрық берді.


Жапонияда маймыл шешегі тіркелді

ERNUR.KZ. Токиода Еуропадан келген жапондықтан маймыл шешегі анықталды. Ол қазір ауруханада жатыр, деп жазады zakon.kz.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын тест пен ауруға қарсы дәрі және вакцинаны шұғыл дайындау керек деген бұйрық берді.

Бұл елде дәрігерлер бұрын шешек ауруына қарсы қолданылған екпені әзірге маймыл шешегіне қарсы да қолданғалы отыр. Бастапқыда вакцина тек науқаспен қарым-қатынаста болғандарға ғана салынады.

Жапония Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ёсихико Изозаки осы мәселеге орай үкіметтің екінші отырысы өткенін, індет ушықпау үшін барлық шара қолданылатынын баяндада.

"Тиісті ақпаратты халыққа жеткізге жөн. Ал тұрғындар жеке бас гигиенаны сақтап , ауру белгілері байқалса дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінгені абзал", - деп мәлімдеді Жапония Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ёсихико Изозаки.