Жапонияда сынақ өткізу кезінде зымыран тасығыш жарылды

0
682

Зымыран тасығыш іске қосылып, көкке көтеріле бастаған бірінші минутта жарылған.


Жапонияда сынақ өткізу кезінде зымыран тасығыш жарылды

ERNUR.KZ. Жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) әзірлеген жапондық «Epsilon S» зымыран тасығышы бүгін сынақ кезінде жарылып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Зымыран тасығыш іске қосылып, көкке көтеріле бастаған бірінші минутта жарылған.

Мәлім болғандай, аталған сынақты өткізілген «Noshiro Testing Center» қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Epsilon S» - бұл JAXA әзірлеген ғарыш-спутниутік «Epsilon» зымыранының жетілдірілген нұсқасы.

Осы типтегі алғашқы ракета 2013 жылы ұшырылған. Былтыр көкке көтерілген «Epsilon-6» жоспарланған траекториядан ауытқып, кейін ол жасанды жарылыс арқылы жойылған еді.

Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі «Epsilon S» зымыранын ұшыруды келер жылға шегерді. Өйткені онда да Epsilon-6 сияқты жанармай багы қолданылады.

Негізінен «Epsilon» сериялы зымырандары қатты отынды пайдаланады. Сондықтан оның сұйық отынмен жұмыс істейтін ракеталарға қарағанда ұшуға дайындалу процесі күрделі емес.