Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы әуеде соқтығысты

0
410

Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен.


Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы әуеде соқтығысты

Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері сенбіде Идзу аралдары маңындағы екі тікұшақ экипажымен байланыса алмағанын мәлімдеді, деп жазады kaz.inform.kz.


«Жапондық теңіз өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы Идзу архипелагының бір бөлігі Торисима аралының шығысында теңіз үстінде құлап, бір адам қаза тапты», - деп хабарлады жексенбіде елдің Қорғаныс министрі МИнору Кихара.

Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Министрдің айтуынша, екі тікұшақ соқтығысып, құлаған болуы мүмкін.