«Жарылғыш зат байлап алған»: Түркияда белгісіз біреу 7 адамды кепілдікке алған

0
499

Ол аспанға тапаншамен 3 рет оқ атқан.


«Жарылғыш зат байлап алған»: Түркияда белгісіз біреу 7 адамды кепілдікке алған

ERNUR.KZ. Стамбұлдың іргесіндегі Кожаелиде белгісіз ер адам зауыт ғимаратына кіріп, 7 қызметкерді кепілдікке алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның қолында тапанша мен бомбаға ұқсас зат бар. Ер адам қабырғаға «Газа үшін» деп жазып қойған. Зауыт америкалық компанияға тиесілі екен. Ғимаратты қоршауға алған полиция қаскөйді берілуге үгіттеп жатыр. Кепілдегі адамдардың туыстары да жиналған.

«Кепілдікке алынған туысымыз үшін қатты алаңдап тұрмыз. Қаскүнем денесіне жарылғыш зат байлап алған. Тапаншамен аспанға 3 рет оқ атқан», - деді олар.