Жәшікке салып, бетон құйған: жоғалып кеткен модель қыз бетпақдаладан өлі табылды

0
733

24 жастағы модельді полиция бес ай бойына іздеген.


Жәшікке салып, бетон құйған: жоғалып кеткен модель қыз бетпақдаладан өлі табылды

ERNUR.KZ. Америкалық модель Эсмералда Гонсалес Невада бетпақ даласында өлі күйінде табылды. Оның денесі ағаш қорапқа салынып, сыртынан бетондалып тасталған, деп жазады Zakon.kz.

24 жастағы модельді полиция бес ай бойына іздеген. Сұлу бойжеткеннің уланып қайтыс болғаны анықталды. Ал оған дейін оны қылқындырған екен.
Кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 45 жастағы көршісі Кристофер Престипино ұсталды.
Тергеушілердің айтуынша, көз жұмған күні модель қаскөйдің үйінде есірткі пайдаланған. Одан кейін ол өзін оғаш ұстаған, сондықтан Престипино оны төсекке байлап тастаған.
Кейін қызды босатқан кезде, ол қаскөйдің бетінен шапалақпен тартып жіберген, сол кезде ол модельдің мойнына қос қолымен тап берген. Сұлу есін жиғанда қаскөй оған бассейнді тазалауға арналған ұнтақты қосып су берген. Модель содан уланып қайтыс болды.
"Престипино жүк көлігін жалға алып, қыздың денесін бетпақ далаға алып барған", - дейді прокурор.
Округ прокурорын орынбасары Памела Веккерли тағы бір күдіктінің аты атады: Кассандра Басконес дегеннің. Оның кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін, бірақ ол әлі күнге дейін бостандықта.
Қазіргі уақытта ер адам кісі ұрлау, кісі өлтіру және кісіні өлтіру үшін сөзбайласып, ұрлау күдігімен қамауға алынды.