Жат планеталықтарға шөл даладан қону алаңы салынды

0
1 381

Өзге планеталықтарға алаң салған адам жоғалып кетті


 Жат планеталықтарға шөл даладан қону алаңы салынды

фото:ktk.kz.

ERNUR.KZ. Басқа планеталықтармен байланыста болған швейцарлық соларға арнап қону алаңын салып қойды, деп жазады ktk.kz.

Швейцария тұрғыны Вернер Джайсли 2008 жылы өзге ғаламтордан келген адамдармен телепатиялық байланыста болғанын айтады. Сол басқа планеталық адамдар өздеріне космодром салып қоюды өтініпті.

Вернер қону алаңына жер таба алмай, ақыры аргентиналық шөл даланы таңдаған екен. Ол Сальта провинциясының Качи қаласында.

Овнипорт - 36 жұлдызды пішіндегі алаңды салуға 4 жылын арнады. Аргентиналық Сальта провинциясы уфологтарға жақсы таныс. Тап осы жерде БҰН-ды (беймәлім ұшатын нысан) жиі байқайды.

Бір қызығы, жұмысын аяқтаған Джайсли жоғалып кетті. Жергілікті тұрғындар оның друид киімімен сақалын өсіріп осы далада жүргенін айтады. Бірақ қазір оның немен айналысатынын ешкім білмейді. Бәлкім Отаны - Швейцарияға оралған болар...әлде ғаламторлықтар алып кетті ме?...