Жазда Еуропада коронавирус өршиді – ДДСҰ

0
786

Соңғы айда Еуропада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші үш есеге артқан.


Жазда Еуропада коронавирус өршиді – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Қазір Еуропаның 53 елінде күн сайын 500 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді.

Соңғы айда Еуропада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші үш есеге артқан.
ДДСҰ болжамынша, күнделікті өлім-жітім 2020 жылдың жазындағы деңгейге жетеді. Яғни күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады.
"Еуропа елдері бұрынғы шектеулерді алып тастағандықтан, жазда вирустың таралу деңгейі жоғары болады. Елдер оны бақылауды тоқтатқандықтан вирус жойылмайды. Ол әлі де таралып жатыр, әлі де өзгеріп, өмір сүріп жатыр", - деді Клюге.
Ұйым індеттің алдын алу бойынша ұсыныстарды күшінде қалдырады. Яғни уақытылы вакцина салдыруға және қоғамдық орындарда маска киюге және аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулауға шақырды.
Бұған дейін Еуропа елдерінде жаңа омикрон-BA.4 және BA.5 штаммының таралуына байланысты COVID-19 жұқтырғандар саны едәуір өскені туралы хабарланған болатын.