Желіде Англиядағы алапат су тасқынының видеосы жарияланды

0
840

Жүздеген адам судың тез көтерілуінен жергілікті сауда орталығына қамалып қалды.


Желіде Англиядағы алапат су тасқынының видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда бірнеше апта бойы нөсер тоқтаусыз жауады. Салдарынан бірқатар аймақтарда төтенше жағдай жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Англияның солтүстігінде, Шеффилде, жүздеген адам судың тез көтерілуінен жергілікті сауда орталығына қамалып қалды.

Бірнеше темір жол желілері жабылды, ал мыңдаған жолаушы үйлеріне немесе жұмыстарына жетудің басқа амалдарын іздеуге мәжбүр болып отыр.